Ақ үй BP басшысын апат болып жатқанда демалыс алды деп сынады

Обама әкімшілігі Бритиш Петролеум компаниясының басшысы Тони Хэуордты апат болып жатқанда, яхта жарысына қатысып жүр деп сынға алды. Америка Мексика шығанағындағы мұнай апаты Бритиш Петролиум компаниясының қателігінен болды деп оның басшылығына жағдайды тез арада реттеу үшін қысым жасап келеді.

Сенбі күні Ақ үй Тони Хэуорд мұнайдың төгілуін тоқтатудың орнына демалыс алып, Британиядағы яхта жарысында жүр деп сынады. Бритиш Петролиум өкілі Хэуордтты қорғап сөйлеп, ол соңғы екі ай үйінен шалғайда жүрген соң, демалыс алып баласымен бірге яхтаға барған еді деп ақтауға тырысты.

Бұл Мексика шығанағына мұнай көптеп төгіліп, Флорида штатының туристер көп жиналатын жағалаудағы қалаларына қара май жайылып кеткен жағдайда өрістеп отыр.