Гориде Сталин ескерткіші алынды

Your browser doesn’t support HTML5

Совет диктаторы Иосиф Сталин дүниеге келген Гори қаласында орталық алаңда тұрған оның қола ескерткіші 2010 жылы маусымның 25-іне қараған түні тұғырынан алынды. Биіктігі алты метр ескерткішті орнынан қозғауға жергілікті тұрғындар қарсы болатын. Енді ескерткіш Гори маңындағы Сталин мұражайына қойылуы мүмкін.