Кабулдың кедей-кепшігіне арналған ауызашар

Ауғанстанда рамазан айында жолаушылар мен жарлы-жақыбайларға мешіттерде тегін тамақ үлестіріледі. Ауқатты адамдар жергілікті мешіттерге ауызашар ұйымдастыруға қаржы бөліп отырады. Мына бейнебаяндағы жүздеген адам ауған астанасының Пул-э Хишти мешітінде ауызашарға жиналған.