Мұрат Телібеков тіл емтиханына келмеді

Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков қазақ тілі емтиханына келмеген. Бұл туралы сәрсенбі күні лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков хабарлады.

Телібеков президенттікке үміткер ретінде өзін-өзі ұсыну туралы өтініш тапсырған болатын.

Сәуірдің 3-іне белгіленген кезектен тыс президент сайлауына үміткерлерді тіркеу наурыздың 2-сінде аяқталады.