Приднестровьеде сайлау өтті

Приднестровье аймағының картасы. Көрнекі сурет.

Молдованың даулы Приднестровье аймағында өткен президент сайлауының түбегейлі қорытындысы шықты. Ол бойынша бұрынғы парламетр спикері Евгений Шевчук жеңіске жетті деп хабарлады аймақтың орталық сайлау комиссиясы.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Петр Денисенко: "Евгений Шевчук сайлаушылардың 73.83 пайыз даусын алса, оның бәсекелесі Анатолий Каминский 19.67 пайыз дауыс иеленді" деді.

Халықаралық қауымдастық мойындамайтын Приднестровье парламентінің қазіргі спикері Анатолий Каминскийге Ресейдің бүйрегі бұрады. Жарты миллион тұрғыны бар аймақ Ресейдің қаржылық және саяси қолдауына сүйенеді.

Молдованың шығыстағы Украинамен шекарасында Ресей 1500-ге жуық әскерін әлі ұстап отыр.