ЕҚЫҰ постсоветтік елдердегі аймақтық мәселелерді шешпек

ЕҚЫҰ төрағасы, Ирландия премьер-министрінің орынбасары Имон Гилмор.

Әзірбайжанның БҰҰ-дағы өкілі Агшин Мехдиев кеше ЕҚЫҰ-ға Таулы Қарабах аймағындағы жанжалды шешумен айналысуға өтініш білдірді.

Әзірбайжан өкілі бұл өтінішті ЕҚЫҰ төрағасы, Ирландия премьер-министрінің орынбасары Имон Гилмормен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде кездесуінен соң айтты.

Ал Имон Гилмор ЕҚЫҰ-ның биылғы жылғы күн тәртібінде Молдованың Приднестровье аймағы, Грузиядағы Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтары, Әзірбайжанның Таулы Қарабах аймағының мәселесін шешу тұр деді.