Болат Атабаев Гете сыйлығымен марапатталды

Театр режиссері Болат Атабаев Гете сыйлығымен марапаттау рәсәімінде. Алматы, 20 ақпан 2012 жыл.

Германияның Гете институты театр режиссері Болат Атабаевты Қазақстан мен Германия театрлары арасындағы қарым-қатынасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Германияның ресми Гете сыйлығымын марапаттады. Бұл туралы марапаттау рәсіміне қатысқан Азаттық тілшісі хабарлады.

Қазақстандағы Гете институтының директоры Барбара Фрэнкель-Тонеттің айтуынша, сыйлықты Германия халықаралық мәдени қатынастардың кеңеюі мен неміс тілінің дамуына айрықша үлес қосқан көрнекті тұлғаларға тағайындайды. Бірақ ол Иоганн Вольфганг Гетенің туған күні - 28 тамызда Германияның Веймар қаласында тапсырылады.

Болат Атабаев - бұл сыйлықпен марапатталып отырған тұңғыш қазақстандық.

Жаңаөзен бойынша құрылған қоғамдық комиссияның мүшесі Болат Атабаевқа ҰҚК қылмыстық кодекстің 164-бабының 3-тармағы бойынша "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағылғанын ескертіп, ҰҚК "ешқайда кетпеу туралы" қолхат жаздырып алған болатын.