Хосни Мүбәрәк өмірлік түрме жазасына кесілді

Your browser doesn’t support HTML5

Сенбі, 2 маусым күні Египет соты елді 30 жыл басқарған бұрынғы президент Хосни Мүбәрәкті «шерушілердің өліміне қатысы бар» деп айыптап, өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарды. Экс-президенттің ұлдары Алаа Мүбәрәк пен Гамаль Мүбәрәкке, Хосни Мүбәрәктің тұсындағы қауіпсіздік қызметінің басшысына тағылған айыптарды алып тастау туралы үкімді оқыған соң оған наразы болған сот ​​залындағы жұрт «Үкім жарамсыз!» деп айқайлап, оның соңы төбелеске ұласты.