Атабаев пен Мамайды қорғау комитеті құрылды

Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция беріп отыр. Алматы. 13 маусым, 2012 жыл.

Маусымның 15-сі күні Төлеген Жүкеев, Рысбек Сәрсенбайұлы, Әміржан Қосанов, Ермұрат Бәпи, т.б. оппозиция белсенділері "театр режиссері Болат Атабаев және "Рух пен тіл" қоғамдық ұйымының жетекшісі Жанболат Мамайды қорғау комитеті құрылғанын" мәлімдеді.

Жаңаөзен оқиғасын зерттеу бойынша құрылған қоғамдық комиссия мүшесі Болат Атабаев пен "Рух пен тіл" қоғамдық ұйымының жетекшісі Жанболат Мамайды бүгін таңғы сағат 10-дар шамасында ҰҚК қызметкерлері үйлерінен тұтқындаған еді.