Ольга Рыпакова финалға шықты

Көрнекі сурет.

ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында бүгін үш қарғып секіруден әйелдер арасында "В" тобындағы іріктеу бәсекесінде қазақ жеңіл атлеті Ольга Рыпакова үздік нәтиже көрсетті - 14,79 метр.

Сөйтіп Рыпакова енді жарыстың осы түрінен бойынша финалға шықты. Спорттың бұл түрінен финалдық бәсеке тамыздың 5-і күні өтеді.

Ольга Рыпакова ұзындыққа секіруден 2010 жылғы әлем чемпионы, үш қарғып секіру және көпсайыстан Азияның екі дүркін жеңімпазы атанған спортшы.