Қазақстан олимпиадада 10 орынға түсті

Марина Вольнованың (қызыл) жартылай финалдағы жекпе-жегі. Лондон, 8 тамыз 2012 жыл.

Лондон олимпиадасында Қазақстан құрамасы жарыстың 12-күнінде жалпы командалық есеп бойынша 8 медальмен оныншы орынға түсті. Қазақстан қоржынында әзірге 6 алтын, 2 қола медаль бар.

8 тамызда әйелдер боксынан 75 келі салмақта жарысқа қатысқан қазақстандық Марина Вольнова қола медаль иеленді. Жартылай финалда америкалық боксшы Кларесса Шилдспен кездесіп, 15-29 есебімен ұтылып қалды.

Бокс турнирінің ережесіне сай жартылай финалда ұтылған спортшы автоматты түрде қола жүлдегер атанады. Марина Вольнованың бұл медалі Қазақстан әйелдер боксының тарихындағы ең үздік нәтижеге айналды.