Жазушының үйі

Мұхтар Әуезов мұражай-үйінің сыртқы көрінісі.

Бұл үйде Мұхтар Әуезов зайыбы Валентина Николаевна, ұлы Ернар, қызы Ләйла және қарындасы Үмиямен бірге 10 жыл тұрды.

Үйді архитектор Георгий Герасимов жобалаған. Суретте: Әуезов үйінің дәлізі.

Әуезов үйінің ауласындағы қора-қопсы, гараждың орнында қазір мұражай әкімдігі мен көрме ғимараты орналасқан.

Мына демалыс бөлмесінде Мұхтар Омарханұлы үзеңгілес дос-жарандарымен бірге шахмат ойнап, күйсандықпен ән айтқан.

Қонақ бөлмесі «Москва-Рига» жиһазымен жабдықталған. Музей қызметкерлерінің айтуынша, бөлмедегі жазылмалы үстелге отыз адам сыяды.

Үйде әртүрлі елдерден әкелінген бұйымдар көп. Мына ағаштан жасалған картинаны Шыңжаң қазақтары Мұхтар Әуезовтің 60 жылдығына сыйлаған.

Қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің жазушыға сыйға тартқан «Медеудегі сырғанақ» картинасы үйдің екінші қабатында ілулі тұр.

Иранда 1872 жылы жасалған қола құман Әуез әулетінен осы үйге әкелінген.

Жұмыс бөлмесінде Мұхтар Әуезов «Абай жолының» 3-4-томдарын, «Өскен өркен» романының бірінші томын жазып бітірген.

Жұмыс бөлмесінде Мұхтар Әуезов «Абай жолының» 3-4-томдарын, «Өскен өркен» романының бірінші томын жазып бітірген.

1950-жылдары қуғынға ұшырап, Мәскеуге қашқан Мұхтар Әуезов Мәскеу мемлекеттік универиситетінде «Шығыс фольклоры» пәнінен дәріс оқыды. Елге тырна мен жыланның арпалысы бейнеленген мына мүсінді алып қайтты.

Мұхтар Омарханұлының жеке кітапханасында алты мыңнан астам кітап пен журнал бар.

Мұхтар Әуезовтің ұлы Ернар Әуезовтің бөлмесіндегі жазу үстелінде «Абай жолының» алғашқы екі кітабы жазылған.

«Мынадай радиоқабылдағыштармен тыйым салынған Азаттық радиосын, «Америка дауысын» жасырын тыңдауға болатын», - дейді музей қызметкері.

Мұхтар Әуезовтің қызы Ләйланың бөлмесі.

Мұхтар Әуезов пен зайыбының жатын бөлмесі.

Мұхтар Әуезовтің өзі отырғызған жаңғақ. Галереяны әзірлеуге Әбілқасым Есентаев атсалысты.