АҚШ Иран бойынша төтенше жағдай саясатын созды

АҚШ президенті Барак Обама. Чикаго, 6 қараша 2012 жыл

Ақ үйдің баспасөз қызметі таратқан АҚШ президенті Барак Обаманың хатына сәйкес АҚШ-тың Иранға қатысты 1979 жылғы қарашаның 14-інде қабылданған ұлттық төтенше жағдай саясаты күшінде қала бермек.

Жергілікті заң актілері бойынша Иранмен қарым-қатынас жақсармаса, АҚШ президенті осы датаның алдындағы 90 күн ішінде конгреске ұлттық төтенше жағдай саясатын ұзартуды сұрап ескерту жіберуі керек.

Президент Барак Обаманың ескерту хатында "Иранмен арадағы қарым-қатынастың қалыпқа түспегені" атап өтілген.