Instagram: Қолданушылар суретін сатпаймыз

Instagram қосымшасы мен Facebook желісінің белгілері. (Көрнекі сурет).

Facebook-тің ұялы телефонмен түсірілген фотосуреттерді өңдеп, алмасуға арналған Instagram қосымшасы суреттерді жарнамалық мақсатта сату жоспарын жоққа шығарды.

Веб-сайтында жариялаған мәлімдемесінде осы аптада жарияланған жаңа "Қолдану ережелеріндегі" бұл түсінбестік түзетілетіні айтылған.

Facebook-тің қолданушылардың деректері мен суреттерін сататыны туралы жаңа ереже таяуда жарияланып, 16 қаңтардан бастап күшіне енетіні интернетте қызу пікірталас тудырған еді. Интернет қолданушылардың көпшілігі Instagram-ның жаңа саясаты қолданушылардың аты-жөні мен фотосуреттерін жарнамалық және маркетингтік мақсаттарда қолданып, қаржы табуға бағытталған деген пікір айтқан.

Instagram қосымшасында тіркелген қолданушылар саны 100 миллион адамға жеткен. Қосымшаны биыл қыркүйекте Facebook желісі жасап шығарған.