Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысы. Сурет зауыттың вебсайтынан алынды.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Азаттық тілшісіне хабарлауынша, өрт 29 қаңтар күні сағат 12.00-де қаладағы Қабдолов көшесіндегі ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысында шыққан.

- Өрт 30 шаршы метрді қамтыды. Оған себеп - технологиялық процестегі ақаулар. Адам шығыны болған жоқ, бірақ материалдық залал анықталып жатыр, - деп мәлімдеді төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау мұнай өңдеу зауытының дәл осы ЭЛОУ-АВТ қондырғыларынан бұрын да бірнеше рет өрт шыққан. Барлық жағдайда "насостық құбырлар герметикасының әлсіреуі" негізгі себеп ретінде айтылған. Былтыр жазда да осындай өрт 300 шаршы метр ауданға жайылған еді.