"Көшкінді" көрген Кельн

"Арт-театрдағы" "Көшкіннің" плакаты. Кельн, 28 ақпан 2013 жыл

"Көшкін" соңғы мәрте Кельндегі "Арт-театрда" сахналанды. 28 ақпан 2013 жыл

Болат Атабаев "Арт-театрда" сөйлеп тұр.

"Көшкінді" көруге келген жұрт әуелі спектакльдің саяси мәнінен жан-жақты хабардар болды.

Спектакльден бір көрініс.

Режиссер де, әртістер де "Көшкіннің" Жаңаөзен оқиғасынан соң мүлдем басқаша реңк алғанын айтты.

Германиялық көрермендер "Ақсарай" әртістерін сахнадан жібермей ұзақ қол соқты.

"Көшкіннен" соң әртістер бірнеше тілде ән шырқады.

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған "Қазақстан" әні де айтылды.

Көрерменге разылық білдіру.

Дюссельдорф музыка мектебінің студенті Нинай (оң жақта) "Көшкін" музыкалық үнсіздікке тұнып тұр" деген пікір айтты.

Бұрынғы қазақстандық, Михаил Лермаонтов атындағы орыс драма театрында жұмыс істеген Ирина Миллер Болат Атабаевтың Германиядағы жақын достарының бірі.

"Болат Атабаевпен жұмыс істеу бізге зор мәртебе" дейді режиссер жұмыс істейтін "театр академиясы" драма мектебінің директоры Роберт Кристот. Кельн, 1 наурыз 2013 жыл.

Саяси театр туралы дискуссия өткен Кельндегі Оранжерея-театры - осы. 1 наурыз 2013 жыл

"Оранжерея-театрының" кіре берісіне ілінген баннер.

"Ақсарай" әртістері репетицияға жиналды.

Репетициядан бір көрініс.

Саяси театр туралы дискуссия басталды.

Болат Атабаевтың кейбір пікірлері неміс аудиториясын да ду күлдіріп отырды.

Дискуссияға жергілікті белгілі театр өнері саласының мамандары қатысты.

Кельн - Германиядағы жаңа бағыттағы театрлары ең көп қаланың бірі.

Кельндегі "Дом" атанып кеткен әйгілі католик шіркеуі.

Болат Атабаев Азаттық тілшісіне өнер мен саясат арасындағы жолайрықта тұрғанын айтты. Кельн, 28 ақпан 2013 жыл