Астанадағы көкпар

Your browser doesn’t support HTML5

Астанада қыркүйектің 11-і күні көкпардан алғашқы Азия чемпионаты басталды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, Түркия, Ауғанстан, Тәжікстан командалары, жиыны - 108 көкпаршы қатысып жатқан чемпионат 15 қыркүйекке дейін созылады. Бірінші орын алған топ – 10 миллион теңге, екінші орын иесі – 6 миллион теңге, ал үшінші орын алған команда 4 миллион теңге алады.