Пәкістандағы шерулер

Your browser doesn’t support HTML5

Пәкістан христиандары Пешавардағы шіркеуге жасалған террорлық шабуылды айыптап шеру өткізді. Жексенбі күні екі жанкештінің шабуылынан ондаған адам мерт болып, жүздеген адам жараланған еді. Наразылық шеруіне шыққан христиандарға мұсылмандар да қолдау білдірді. Исламабад, Лахор, Карачи мен Пешаварда өткен шерулерде мемлекеттен елде діни азшылықты құрайтын христиандарды қорғауды талап етті. Шіркеулерде террорлық шабуыл құрбандарына дұға бағыштап, шырақ жақты. 180 миллионнан астам тұрғын халқы бар Пәкістанда жеті миллионға жуық адам христиан дінін ұстанады. Христиандар қоныстанған аудандарға террорлық шабуылдар жиі жасалады. Бірақ 22 қыркүйекте Пешаварда шіркеуге жасалған шабуыл – ел тарихындағы үлкен қантөгістердің бірі болды.