Есімов пен блогерлер

Владимир Лукашов салған карикатура twitter әлеуметтік желісінен алынды.

Бұған дейін Алматыға сапармен келген ресейлік блогер Илья Варламов қаладағы өзі куә болған келеңсіз көріністердің суреттерін интернеттегі жеке блогында жарялап, қазақстандық әріптестерін "іш пыстырар" сұрақтар ғана қоятын "қояндарға" теңеген еді. 5 ақпан күні Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаладағы қымбат мейрамханалардың біріне арнайы тізім бойынша шақырылған жергілікті блогерлермен кездесу өткізді.