Базардағы өрттен соң

Your browser doesn’t support HTML5

5 ақпан күні полицияның арнайы жасағы "Барахолкада" орналасқан "Юпитер" базарының аумағын қоршауға алған полицияның арнайы жасағы базарға ешкімді кіргізбеді. 4-ақпанда сағат 21 шамасында бұл базарда өрт шыққан еді. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті аумағы 150 шаршы метрді құраған өрт екі сағатқа жуық уақытта сөндірілгенін хабарлады. "Барахолкадағы" сауда базарлары шоғырланған жерде былтырғы күзден бері төрт рет өрт шыққан еді. (Авторы - Нұртай Лахан)