Ресейшілдер шеруі

Your browser doesn’t support HTML5

28 ақпанға ауған түні Қырым орталығы Симферопольда аймақ парламенті алдына ресейшілдер жиналды. Олар Ресей туын көтеріп шықты. Қырым парламенті спикері Владимир Константинов «Біз Қырымның мемлекеттік мәртебесі туралы референдумды 25 мамыр күні өткізуге шешім қабылдадық» дейді. Наразылар Қырымның 1994 конституциясына қайтып оралуын талап етеді. Ол бойынша, Қырым билігіне Киев көптеген өкілеттіліктер берген. Қырым - Украинадағы орыстар көп тұратын аймақ. Януковичтің «соңғы тірегі» саналады. Ресейдің Қара теңіз флоты Қырымдағы Севастополь портында тұр. Укаинаның жаңа үкіметі Мәскеуге Қырымдағы әскери базасын пайдаланбау туралы ескертті.