Қазақстан мен Қытай басшыларының кездесуі

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхайда Қытай басшысы Си Цзиньпинмен екі жақты бес құжатқа қол қойды. Соның ішінде, Қытайдың CITIC корпорациясы мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры арасында мұнай-газ және тау-кен салаларында өзара байланысты дамыту жөніндегі меморандум, Шымкент мұнай өңдеу зауытын 1 миллиард АҚШ долларына жөндеуден өткізу туралы меморандум, Қытайдың мемлекеттік даму банкі мен Қазақстан даму банкі арасында 500 миллион АҚШ доллары туралы несие алу туралы келісімге қол қойылған. "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен CNPC корпорациясы Алматы облысында үлкен диаметрлі мұнай-газ құбырларын шығаратын, жобалық құны 150 миллион АҚШ доллары болатын зауыт салу туралы келісім жасасқан. 19 мамыр 2014 жыл.