Газ тапшылығы

Your browser doesn’t support HTML5

Маңғыстауда автокөліктерге отын ретінде пайдаланылатын сұйытылған газ тапшылығы сезілді. Ақтаудағы газ құю бекеттерінде көліктер ұзақ-сонар кезекте тұр. Жеке меншік газ бекеттерінде баға 60-80 теңгеге дейін өсіп, оны қымбатсынған жұрт "ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай құю бекеттерінің алдына топталды. Ақтау, 20 тамыз 2014 жыл.