Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасы

Жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы олимпиада ойындарында дзюдодан 55 келі салмақта финалдық сайыста қазақстандық Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлиді (оң жақта) жеңіп, чемпион атанды. Нанкин, 17 тамыз 2014 жыл.

Жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Бауыржан Жауынтаев марапаттау рәсімінде тұр. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014 жыл.

Жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) пен бапкері Қален Қалиұлы. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014 жыл.

Қазақстандық жас боксшы Абылайхан Жүсіпов рингке келе жатыр. Нанкин, 24 тамыз 2014 жыл.

Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов (ортада) жасөспірімдер олимпиадасының жеңіс тұғырында. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.

Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов (көк формада) финалда кубалық Алаин Лимонтені ұтып, олимпиада чемпионы атанды. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.

Бокстан Нанкин олимпиадасының чемпионы Абылайхан Жүсіпов. Нанкин, 24 тамыз 2014 жыл.

Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған жас балуан Мұхамбет Қуатбек (ортада) марапаттау рәсімі кезінде. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.

Қазақстандық Татьяна Капустина (оң жақта бірінші) - ауыр атлетикадан 63 килограмнан жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері. Қытай, Нанкин, 22 тамыз 2014 жыл.

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы топтық жарыста қола жүлдеге ие болды. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының финалда өнер көрсетіп жатқан сәті. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.

Еркін күрестен қазақстандық Мұхамбет Қуатбек финалда (көк формада) Фикс Датонды (АҚШ) жеңді. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.

Финалдық белдесуде бәсекелесінен күш асырған Мұхамбет Қуатбектің жеңіске шаттанған сәті. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.

Еркін күрестен Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанған 17 жастағы қазақ балуаны Мұхамбет Қуатбек. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.

Бокстан күміс жүлдеге ие болған қазақстандық Вадим Казаков (сол жақта бірінші) марапаттау рәсімінде тұр. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.

Қазақстандық көркем гимнастика командасы өнер көрсетуге шықты. Қытай, Нанкин. 26 тамыз 2014 жыл.

Қазақстандық ауыр атлет Жасұлан Қалиев (оң жақта) 77 килограмм салмақта жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдесіне ие болды. Ол қоссайыс бойынша 310 килограмм (жұлқа көтеруде - 139 кг, серпе көтеруде - 171 кг) салмақ көтерді. Нанкин, Қытай, 21 тамыз 2014 жыл.

Нанкиндегі олимпиадалық ойындар аренасы. 20 тамыз 2014 жыл.