Украинадағы парламент сайлауы

Украинадағы сайлау учаскелерінде қазанның 26-сы күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 08.00-де дауыс беру басталды. Ол жергілікті уақытпен кешкі сағат сегізге дейін жалғасады. Суретте: Киевтегі сайлау учаскесіне дауыс беруге келген сайлаушылар. 26 қазан 2014 жыл.

Украина Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, биылғы парламент сайлауына алты мыңнан аса кандидат тіркелген. Сайлауға елдегі 29 саяси партия түсіп отыр. Суретте: Киевтегі сайлау учаскесіне дауыс беріп жатқан сайлаушы. 26 қазан 2014 жыл.

Қазақстандағы Украина азаматтары Жоғарғы Раданың кезектен тыс сайлауына Астана және Алматы қаласындағы дипломатиялық мекемелерінде ашылған екі сайлау учаскесінде дауыс берді. Суретте: Украинаның Астанадағы елшілігіндегі сайлау учаскесіне дауыс беруге келген сайлаушылар. 26 қазан 2014 жыл. (Украина елшілігінің баспасөз қызметі түсірген сурет)

Украинаның Астанадағы елшілігіндегі сайлау учаскесіне Жоғарғы Рада сайлауына дауыс беруге алғашқы боп келген үш сайлаушыға украин ақыны Тарас Шевченконың туғанына 200 жыл толуына арнап Қазақстан Ұлттық банкі шығарған, бетінде ақынның бейнесі бар 50 теңгелік мерейтойлық монеталар табыс етілді. 26 қазан 2014 жыл. (Украина елшілігінің баспасөз қызметі түсірген сурет)

Украинаның Астанадағы елшілігіндегі сайлау учаскесіне Жоғарғы Рада сайлауына дауыс беруге ұлттық үлгідегі жейде киіп келген сайлаушы. 26 қазан 2014 жыл. (Украина елшілігінің баспасөз қызметі түсірген сурет)

Украинаның Астанадағы елшілігіндегі сайлау учаскесіне Жоғарғы Рада сайлауына дауыс беріп тұрған сайлаушы. 26 қазан 2014 жыл. (Украина елшілігінің баспасөз қызметі түсірген сурет)

Украинаның шығысындағы сайлау учаскесінде парламент сайлауына дауыс беріп жатқан адам. Волноваха кенті, Донецк облысы, 26 қазан 2014 жыл.

Шығыс Украинадағы Славянск қаласындағы сайлау учаскесіне дауыс беруге келген егде әйел сайлау бюллетенін алғаны туралы құжатқа қол қойып жатыр. 26 қазан 2014 жыл.

Славянск қаласындағы сайлау учаскесінде Жоғарғы Рада кезектен тыс сайлауына дауыс беріп тұрған адам. 26 қазан 2014 жыл.

Сайлау бюллетеніне өз қалауы туралы белгі салып болған соң, оны сайлау жәшігіне салуға келе жатқан әскери қызметші. Киев, 26 қазан 2014 жыл.

Кезектен тыс парламент сайлауына дауыс беру үшін Киевтегі сайлау учаскесіне келген Украина азаматтары. 26 қазан 2014 жыл.