Қызылшаға қарсы екпе мамырға дейін тоқтатылды

Your browser doesn’t support HTML5

Екпеден кейін ауырған балалар туралы видео

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің бұйрығымен қызылша екпесі 4 мамырға дейін тоқтатылатыны хабарланды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет таратқан мәліметке сәйкес егу вакциналарының сапасы қазір Ұлттық экспертиза орталығында тексеріліп жатыр.

Қазақстанда 19 ақпаннан бастап 15-19 жастағы адамдарға қызылшаға қарсы екпе егу науқаны басталған.

Бұл екпеден кейін Жаңаөзенде 86 бала, Теміртауда 18 студент ауруханаға түскен.