Отпантаудағы Амал тойы

Отпантауда Амал мейрамына тігілген киіз үйлер. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.

Амал мерекесі қарсаңында, ежелгі дәстүр бойынша Отпантауда «Бірлік оты» жағылды. Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, жаугершілік заманда Маңғыстау түбегін мекендеген қазақтар аймақтағы биік шоқы Отпанның басында от жағу арқылы жаудың келгенін хабарлаған. Оны «Ұран оты» деп атаған. Маңғыстау облысы, 13 наурыз 2015 жыл.

Отпантаудағы «Бірлік отын» әйгілі спорт ардагері, жүгіруден СССР-дің алты дүркін чемпионы Әмин Тұяқов тұтатты. Маңғыстау облысы, 13 наурыз 2015 жыл.

«Отпан тау» мәдени ұлттық кешенінде Амалдың құрметіне отшашу. 13 наурыз 2015 жыл.

Жылдағы дәстүрге сай, биыл да Отпантаудағы биік шоқының басына жиналған жұрт елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп дұға қылды. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.

Көрісу мерекесінде кездесіп, құшақ айқастырған адамдар. Отпантау, Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.

Отпантаудағы Амалға Маңғыстаумен бірге көрші Атырау, Оралдан арнайы ат сабылтып келді. Көптеген көрмеген туыс, жекжаттар бір-бірімен құшақтасып көрісіп, Жаңа жылдың келуімен бірін-бірі құттықтады. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.

95 жастағы Абдулла Әбдірахманұлы ақсақал (сол жақта) биылғы Амал мерекесіне Атыраудан Отпантаудың басына арнайы келген. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.

Амал мейрамы күні Отпантау басында ашылу салтанаты өткен киіз үй үлгісінде жаңадан салынған үш ғимараттың ең үлкені «Қарашаңырақ» деп аталады.

«Қарашаңырақта» Түркістандағы әйгілі тайқазанның кішірейтілген түрі бар, оны арнайы соқтырып жасатқан.

Отпантаудағы Амал мейрамында келген жұрттың арасында ұлттық киім кигендер жиі көзге шалынды. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.

Отпантаудағы мерекелік сахна.

«Баланы бесікке бөлеу» көрінісі. Отпантау, Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.

Отпантаудағы Амал мерекесіне келген жас отбасы.

Көкпар тарту. 

Көкпаршы. Отпантау, Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл.

Бәйге жарысына қатысушылар.

Балуандар күресі. Отпантау, 14 наурыз 2015 жыл.

Күресті тамашалап отырған жұрт.

Отпантаудағы мерекелік шараларды тамашалап отырған көрермендер.