Тасқын су басқан Садовое ауылы

Тасқын су басқан Садовое ауылының көрінісі. 15 cәуір 2015 жыл.

Тұрғындардың Азаттық тілшісіне айтуынша, Садовое ауылындағы 70-ке тарта үйдің 300-дей тұрғыны елдімекенге су қаупі төнгенде көршілес Гагарин ауылына көшірілген.

Отырған мекенінен асығыс көшкен тұрғындар үйдегі мал-жанды ғана алып шығуға үлгергендерін айтады.

Садовое тұрғындары тасқын басқан ауылдан үйлерін дүние-мүлкімен түгел қалдырып кетуге мәжбүр болған.

Қазір Садовое мен Гагарин арасында үш километрдей аумақты су алып жатыр. Ол жаққа моторлы қайық болмаса, жай қайықпен өту мүмкін емес дейді тұрғындар.

Гагарин селолық округінің әкімі Алтын Сайдалдинаның Азаттыққа айтуынша, су басқан алғашқы күні Нұра өзенінен Садовое ауылына бір жарым мың текше метр су келген.

Тасқын су басқан Садовое ауылы. 15 сәуір 2015 жыл.

- Садовое ауылында үйлерінен көшкісі келмеген екі адам ғана қалды, - дейді Гагарин селолық округінің әкімі.

Садовое ауылында үй-жай, қора-қопсының бәрі су астында қалған. 15 сәуір 2015 жыл.

Теміртау қаласынан 20 километрдей қашықтықта орналасқан Садовое ауылы Гагарин селолық округіне қарайды.

Тасқын су астында қалған Садовое ауылындағы тұрғын үйлер. 15 сәуір 2015 жыл.

Садовое ауылы. 15 сәуір 2015 жыл.

Үйлері суда қалған Садовое ауылы тұрғындары Гагарин ауылында тұр. Бұхар жырау ауданы, Қарағанды облысы, 16 сәуір 2015 жыл.

Нұра өзені жағасында тұрған балалар. Гагагрин ауылы, Бұхар жырау ауданы, Қарағанды облысы, 16 сәуір 2015 жыл.

Гагарин ауылындағы дүкендегі заттар. Сатушының айтуынша, бұл күндері резеңке етіктерге сұраныс күрт артқан. 16 сәуір 2015 жыл.

Садовое ауылынан көшірілген тұрғындардың кейбірі Гагарин ауылдық клубында тұрып жатыр, қалғандары сол ауылдағы басқа да үйлерге, туыстарына бөлініп орналасқан. Суретте: Гагарин ауылындағы клубта тамақ ішіп отырған адамдар. 16 сәуір 2015 жыл.

Гагарин және Садовое ауылдары арасындағы жол да су астында қалды. Бұхар жырау ауданы, Қарағанды облысы, 16 сәуір 2015 жыл.

Баспанасы мен дүние-мүліктері су астында қалған Садовое ауылы тұрғындары. Гагарин ауылы, Бұхар жырау ауданы, Қарағанды облысы, 16 сәуір 2015 жыл.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қазір Нұра өзенінің деңгейі төмендеген. Енді судың негізгі бөлігі Баймырза және Шоқай өзендерінен келіп жатыр.