Селодағы жалғыз дәрігер

Your browser doesn’t support HTML5

Ресейдің Челябинск облысындағы Бреды ауылындағы аурухана хирургы Әнуар Төлегенов әлеуметтік желілер арқылы өзіне әріптес іздеп жүр. Ауылдық ауруханадағы жалғыз дәрігер болып істейтін жас жігіт заңды демалысын алып, Қазақстандағы туыстарына барып қайтайын десе, аурухананы дәрігерсіз тастап кетуге ар-ұяты жібермейтінін айтады. Әлеуметтік желідегі Әнуардың әріптес іздеп жазған хабарламасы Ресей аймақтарында денсаулық сақтау саласында қалыптасып отырған көкейкесті мәселені ашып көрсетті. Тегін баспана беріліп, қосымша қаржы төленетіндігіне қарамастан жастар ауылды жерге дәрігер болып баруға құлықсыз. Азаттықтың орыс тіліндегі «Осы шақ» жобасы әзірлеген видеосюжет.