Тазы мен төбет көрмесі

Your browser doesn’t support HTML5

Астананың іргесіндегі Жібек жолы ауылындағы «Намыс» ипподромында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған алғашқы республикалық тазы мен төбет көрмесі өтті. Шараға әр облыстан 20-дан астам төбет, 57 тазы қатысты. Көрмеде бұл иттердің көпшілік алдындағы мінез-құлқы, қасқырмен бетпе-бет келгендегі батылдығы тексерілді және кейбірі аукцион арқылы сатылды. 6 қыркүйек 2015 жыл.