Атыраудағы қарсылық жиыны

Атыраудағы наразылық жиынын жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық ұйымы белсенділері ұйымдастырды. Жиынды өткізуге қалалық әкімдік рұқсат берген. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.

Наразылық жиынына қатысушылар коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауы мен экологияның нашарлауына наразылық білдіріп, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін есіне салды. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.

Наразылық жиынына қатысушылардың бірі "Тариф, тоқта!" деген жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.

Атырауда коммуналдық қызмет тарифтері бағасының қымбаттауына және аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауына наразылық жиынына ондаған адам қатысты.

Наразылық жиынына қатысушылардың кейбірі балаларымен бірге келді. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.

Наразылық жиынына қатысушы билікке қарата айтылған: "Тарифті ауыздықтай алмадыңдар ма? Онда биліктегі орынды босатыңдар!" деген жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.

Бүгінгі наразылық жиынына арқау болған негізгі мәселелердің бірі - Атырау экологиясының жағдайы. 20 қыркүйек 2015 жыл.

Жиынға қатысушы тарифтің қымбаттауына жол берген облыс әкіміне салық төлеуші ретінде наразы екенін айтқан жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.

Наразылық акциясына қатысушы "Тариф қымбаттағанда халық күйзеледі, билік байиды, заңдар жұмыс істемейді" деген жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.