Қараңғы Қырым

Симеиз ауданындағы жанармай бекеттерінің біріндегі кезек. Бекеттердегі кезек кесірінен кейбір бензин түрлері тапшы бола бастаған.  

Қырым электр блокадасының екінші күнін өткізді. Көптеген банкоматтар мен терминалдар әлі іске қосылмады. 

Дүкендер есігіндегі «Жабық» деген жазудан жұрт мезі бола бастаған. Кейбірі «Мүлде жабық па?!» деп сұрайды. 

«Kari» сияқты кейбір дүкендер мүлде жабылып қалған.

«Чистый дом» дүкені кеше жабық тұрды.

...ал бүгін генератор әкелген, дүкен жұмыс істей бастады.  

"Чистый домның" қасында "Эльдорадо" ​супермаркеті бар. 

"Эльдорадо" екінші күн жарықсыз жұмыс істеп жатыр.  

Сатушылар «Жұрт көп ештеңе сатып алмайтын болды. Меніңше, олар ертеңгі күні не боларын білмеген соң сөйтіп отыр» дейді.  

Кейбір сатушылар «не болса да шыдауға дайынбыз, тек Қырым Украина құрамына қайта өтпесе болғаны» дейді. Бірақ қанша уақыт шыдайтындарын айтпады. Олар мәселе тез арада шешіледі деп ойлайды.  

Бүкіл түбекте жарық сөніп қалуы кесірінен нан тапшы бола бастаған.

Симферопольдегі троллейбустар тоқтаған жоқ. Бірақ Алушта мен Ялтаға автобус жүрмей қалған.

Симферопольдегі светофорлардың кейбірі істемейді.  

Светофоры істемейтін көшелерде көлік қозғалысын реттеушілер пайда болды. Кейбір қиылыстарда олар тіпті екеуден тұр.  

Светофорлар істемегендіктен жаяу жүргіншілер көшеден реттеуші көмегімен өтеді.  

Қырым тұрғындары жарықсыз өмірге бой үйретіп келеді. Алайда Путиннің суретіне жарық түсірудің амалы табылған.

Билік органдары өздерін жарықпен қамтамасыз еткен. Ал Қырымның бір жарым миллион тұрғыны қараңғыда отыр.