Конституция күні наразыларды ұстау

Your browser doesn’t support HTML5

12 желтоқсан – Ресей конституциясы күніне орай Мәскеуде наразылық акциясына жиналған оппозиция белсенділерін полиция ұстады. Бұл күні Пушкин алаңынан Сахаров даңғылына дейін «Өзгеріс шеруін» («Марш перемен») өткізуге ниет білдірген оппозицияға қала билігі рұқсат бермеген. Пушкин алаңында ұсталған ондаған белсендінің арасында «Яблоко» партиясының мүшелері мен жетекшісі Сергей Митрохин, құқыққорғаушы Лев Пономарев, журналист Александр Рыклин бар. (Азаттықтың Орыс қызметінің видеосы.)