Жапониядағы әйелдер жекпе-жегі

Жапон әйелдері биязы, ұяң деген стереотип қалыптасқан. Бірақ рингке шыққан әйелдерге мұның бәрін ұмытуға туралы келеді.

«Олар өмірінің бұл қыры туралы айтпауға тырысады. Мен ондай қыздарды көп кездестірдім. Әдетте өздерін биязы, ұяң ұстайтын олар рингке шықса болды, кенеттен өзгеріп шыға келеді» , – дейді реслер Крис «Вульф».

Көрермен қызыға тамашалайтын әрбір шоу қыздардың жаттығу кезінде төккен тері мен қажырлы еңбегінен...

... және алған жарақаттарынан тұрады.

Жапониядағы реслингтің ұлттық мәдениеттен сыр шертетін ерекше ережелері бар.

Мысалы, жасы үлкен қарсыластың көзіне тура қарауға немесе жарыс алаңынан олардан бұрын кетуге болмайды.

Мәдени ерекшеліктерге байланысты Жапонияда әйелдер арасындағы жекпе-жекте салмақ дәрежесі бойынша жіктеу деген жоқ.

Жапонияда әйелдер арасындағы жекпе-жекке түсіп жүргендерге төленетін ақша, спорттық өлшеммен алғанда, онша көп емес.

Жекпе-жекке шығатын әйелдер аптасына орташа есеппен 250 доллар алады.

Жекпе-жектердің театрландырылған түрі мен көз тартатын киімдері арқасында оны қызықтайтындар қатары жылдан жылға көбейіп келеді.