Бішкектегі Қытай елшілігіндегі жарылыс

Қытай елшілігіне жақын орналасқан үйлердің тұрғындары жарылыстың қатты болғанын, маңайдағы үйлердің терезелері сынғанын айтады. 

Қазір ТЖМ құтқарушылары, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем дәрігерлері оқиға болған жерде жүр. Қырғызстан ТЖ министрі Кубатбек Боронов та оқиға орнына барған.

Қырғызстандағы Қытай елшілігіндегі жарылыс мекеме аумағының ішінде болған деген ақпарат бар.  

Қазір бұл ауданды полиция қоршап тұр. 

Алғашқы ақпараттарға қарағанда елшіліктің батыс қапталындағы брондалған қақпаны жанкешті көлікпен қиратып кіріп, жарылғыш құрылғыны іске қосқан.