«Алтын орда» базары маңындағы көлік кептелісі

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыдан оңтүстік бағыттағы күре жолдың «Алтын Орда» мен «Барлық» базарлары тұсында күнделікті таңертең және кешкісін көлік кептелісінен қалаға кіріп-шығатын жұрт діттеген жеріне сағаттап жете алмайды. Базар маңындағы кептелістен қашқан көліктер төңіректегі ауылдардағы жолды да жауып қалады. «Қазақ автожол» компаниясы өкілі «Алтын орда» маңындағы кептелістен құтылуға мүмкіндік беретін жаңа жол жобасы енді жасалып жатқанын айтады.