Барселонадағы теракт

Кем дегенде 13 адам мерт болған теракті кезінде қылмыскерлер фургон көлігімен адамдарды таптаған. Терактіні "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы (ДАИШ - Қазақстанда тыйым салынған) мойнына алды. 

Кей ақпараттарға қарағанда адамдарды таптаған минивэн ішінде екі немесе үш адам болған. Олар қашып кеткен. Олардан басқа екі күдікті адам ұсталған. Полиция кордонын бұзбақ болған тағы бір күдікті оққа ұшты. Бірақ ол көлік жүргізушісі емес. Бұл бір ішінде көлікпен жасалған сегізінші теракт.  

Бұл Еуропада бір ішінде көлікпен жасалған сегізінші теракт.  

Алайда тоғызыншы теракт сол түні Каталонияның Камбрильс (Барселонадан 120 километр) қаласында жасалды. Онда да фургонға мінген қылмыскерлер адамдарды таптады. Жапа шеккен алты адам тірі, бірақ екеуі әл үстінде жатыр. Полиция күдікті деген төрт адамды атып өлтірді. Бір күдікті жараланған. 

Испания үкіметінің мәлімдеуінше, Барселонадағы терактіден жараланған адамдардың ішінде кемінде 18 елдің азаматтары бар.  

Полиция тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды.  

Испания полициясы Барселонадағы терактіден кейін ірі антитеррорлық операция бастады. 

Адамдарды таптаған минивэн жүргізушісіне полиция іздеу жариялады.