Иранда мыңдаған адам тұтқындалды

Тегеран университеті қалашығы ішіндегі наразылық акциясы. 30 желтоқсан 2017 жыл.

Ирандағы билікке қарсы шеруге байланысты 3700 адам тұтқындалған. Бұл туралы заңгер, парламент мүшесі Махмуд Садежи мәлімдеді. Ал елдің жоғары рухани басшысы аятолла Әл Хаменеи 9 қаңтарда тағы мәлімдеме жасап, бұл жолы да елдегі оқиғаға АҚШ пен Ұлыбританияны кінәлады.

Осыған дейін Иран Жоғарғы соты елдегі шеруді ұйымдастырғандар ең ауыр жазаға тартылатынын мәлімдеген. Бұл елдің заңына сай ең ауыр жаза - өлім.

Оқи отырыңыз: Иранда не болып жатыр

Иранның бірнеше қаласында 28 желтоқсаннан бері биліктің әлеуметтік, экономикалық, ішкі және сыртқы саясатына қарсы наразылық акциясы болды.