Ресейде Telegram бұғаттала бастады

Кісенге салынған Telegram қосымшасы орнатылған смартфон (Көрнекі сурет).

Ресейде сот шешімімен Telegram мессенджері бұғаттала бастады деп хабарлады Роскомнадзор мекемесі.

14 сәуір күні Мәскеу соты Telegram мессенджерін дереу бұғаттау туралы қаулы шығарған. Сот мұндай шешімді мессенджер Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) қолданушылардың хат-хабарын шифрлау кілтін беру талабын орындаудан бас тартқан соң шығарған. Роскомнадзор сол күні-ақ мессенджерді Ресей аумағында тыйым салынған сайттар реестріне тіркеген.

Telegram-ның негізін салушы Павел Дуров мессенджер тосқауылды VPN көмегімен айналып өтетінін мәлімдеген.