Бельгия футболдан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Бельгия футбол командасының жанкүйерлері.

Футболдан Ресейдегі әлем чемпионатының қола жүлдесін Бельгия командасы ұтып алды. Сенбі күні Санкт-Петербургте өткен ойында бельгиялық футболшылар Англия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

Бельгия тарихта алғаш рет әлемдік футбол біріншілігінің жүлдегері атанып отыр.

Бұл жолғы әлем чемпионатының жеңімпазы бүгін, жексенбі күні белгілі болмақ. Мәскеудегі финалдық ойында Франция мен Хорватия командалары кездеседі.