Киев: Донбасста 23 тамызда 5 украин сарбазы оққа ұшты

Дайындық кезіндегі украин сарбазы (көрнекі сурет).

Украина Қорғаныс министрлігі елдің шығысында ресейшіл сепаратистермен қақтығыста бес украин сарбазы оққа ұшып, жетеуі жараланғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, соңғы бірнеше айда әскерилер арасында мұндай адам шығыны болмаған.

Бес сарбаздың төртеуі Луганск облысында сепаратистер үкімет әскерінің шептерін артиллерия мен минометтен атқылағаннан кейін басталған бес сағаттық ұрыста қаза тапқан. Сепаратистер болса, алдымен украин әскерилері оқ атқанын айтады.

2014 жылдың сәуірінен бері Украина үкіметі әскері мен Луганск және Донецк облыстарындағы ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыстардан 10 мың 300-ден астам адам қаза тапты. 2014 жылы қыркүйекте және 2015 жылы ақпанда Минскіде қақтығысты тоқтату туралы жасалған келісімдер сол күйі орындалмады.