АҚШ Жоғарғы соты судьялығына кандидат бопсалау айыбын терістеді

Бретт Кавано, АҚШ Жоғарғы сотына судья болуға кандидат.

АҚШ Жоғары сотына судья болуға кандидат Бретт Кавано сенатта өткен тыңдауда жыныстық бопсалау айыбын жоққа шығарды. Каваноны бірнеше әйел 1980 жылдардың басында студенттердің сауық кештерінің бірінде жыныстық бопса жасады деп айыптаған.

Сенатта сөйлеген Кавано өзін айыптаған әйелдер айтқан сауық кешіне қатыспағанын мәлімдеді. Заңгер сауық кеші болған күні Каваноның қайда жүргенін және бірге болған таныстарының аты-жөнін айтты.

Тыңдауда сонымен қатар Каваноны айыптаған әйелдердің бірі Кристин Блэзи Форд жауап берді. Кавано Фордпен қандай да бір сауық кешінде кездескенін есіне түсіре алмағанын мәлімдеді.

Ақ үй Каваноға тағылған айыпты "демократтардың консервативтік көзқарасты ұстанатын судьяның Жоғарғы сотқа өтуіне кедергі келтіру әрекеті" деп айыптады. Сенаттағы көпшілікті құрайтын республикашылдардың жетекшісі Митч Макконнелл сенат комитетінде Каваноның кандидатурасын бекіту бойынша дауыс беру 28 қыркүйекте өтетінін хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Бретт Каваноны отставкаға кеткен судья Энтони Кеннедидің орнына ұсынған. Демократтар егер Кавано Жоғарғы сот судьясы болса, онда соттағы теңдік консерваторлар жағына ауады деп қауіптенеді. Сенатта судьяны бекіту жөніндегі негізгі дауыс беру келесі аптада өтуі мүмкін.