Хакерлік шабуылға күдікті ГРУ агенттері

Your browser doesn’t support HTML5

АҚШ Ресей әскери барлау қызметінің жеті өкілін бірнеше елге кибершабуыл жасады деп айыптады. Олардың арасында 2018 жылы сәуірде Нидерландта ұсталған Алексей Моренец, Евгений Серебряков, Олег Сотников пен Алексей Минин де бар. Ұсталған кезде ресейлік дипломатиялық паспорттар мен хакерлік құрал-жабдықтар табылған бұл төртеуі Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымның Гаагадағы штаб-пәтеріне кибер шабуыл жасамақ болған деген күдікке ілінген. Нидерланд билігі оларды елден шығарған. Халықаралық ұйымның штаб-пәтерінде Ұлыбританияның Солсбери қаласында ресейлік бұрынғы барлаушы Сергеу Скрипаль мен қызы Юлия уланғанда табылған заттың үлгілерін зерттеп жатқан болатын. "Настоящее время" видеосы - орыс тілінде.