Балалар отырған ұшақ Ташкент әуежайына жұма, 11 қазанда қонды. Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Явлон Вахапов 39 ұл, 25 қыз баланың отанына жеткенін хабарлады.
"Олардың 14-і үш жасқа да толмаған, екі нәресте бар" деп жазды дипломат Twitter желісінде.
Breaking News: the flight from Baghdad just landed with 64 Uzbek children on board. The operation to deliver them back home was commissioned by President Mirziyoyev together w/ Iraqi Gov and UNICEF. 39 boys and 25 girls, incl 14 kids under 3 yrs old and 2 orphans, are safe now!🙏 pic.twitter.com/6WvknOBGBu
— Javlon Vakhabov (@JavlonVakhabov) October 10, 2019
Бұл балалардың ата-аналары бірнеше жыл бұрын "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қосылу үшін Иран пен Сирияға кеткен. ИМ тобы жеңіліске ұшырағаннан кейін олардың кейбірі қаза тапты, кейбірі тұтқынға түсіп, түрмеге қамалды. Вахаповтың сөзіне қарағанда, балаларды елге қайтару операциясына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жетекшілік еткен.
2019 жылы мамыр айында осыған ұқсас операция аясында Өзбекстан Таяу Шығыс елдеріндегі қақтығыс ошақтарынан 156 азаматын қайтарған.
Бұған дейін Қазақстан, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан да Ирак пен Сирияға соғысқа кеткен азаматтарын қақтығыс ошақтарынан эвакуациялаған. 2019 жылы Қазақстан билігі "Жусан" операциясы барысында Сириядан 516 адамды жеткізген, олардың 360-ы - бала. Сириядан оралғандардың кейбірінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотталды.