Жұрт тұмауға қарсы екпеден неге қорқады?

Your browser doesn’t support HTML5

Нұр-Сұлтан мектептеріндегі ата-ана чаттары "Тұмауға қарсы вакцина салдырмаймыз" деген жазбаға толы. "Мектеп оқушыларына тұмауға қарсы тегін екпе салынады" дегенде қарсы шыққан ата-ана көп. Олар вакцинаның сапасына күмән келтіреді, баланың ағзасы вируспен өз бетінше күресуі керек дейтіндері бар. Ресми мекемелер "вакцина тек арнайы есепте тұратын балаларға салынады" дейді.