Шыңжаңда қалған Сәрсенбек Әкбәрді әйелі мен ата-анасы сарыла күтіп жүр

Your browser doesn’t support HTML5

Қытай консулдығының алдындағы наразылық басталғалы үш жарым айға жуықтады. Әр адам өз жақынын қайтарғысы келеді. Күйеуін іздеген Гүлнұр Қосдәулет акцияға шығу үшін Алматыдан 70 шақырымдағы ауылдан келіп кетеді. Кейде қарт ата-енесіне қарап, үйінде қалады. Екі күн бұрын пикетке шыққаны үшін оған 60 мың теңге айыппұл салынды.