Утилизациялық алымның артында Әлия Назарбаеваға тиесілі болған компания тұр

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның көлік нарығындағы қымбатшылықты қоғам жиі талқылайтын мәселе. Көлік тіркеу кезінде төленетін утилизациялық алымды алып тастауға петиция жарияланды. Ал ол ақша экс-президент Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланысы бар жеке компанияға түседі.