Жаңаөзендік мұнайшы "Қазмұнайгаздан" әділдік талап етіп пикетке шықты

Your browser doesn’t support HTML5

Жаңаөзендік 53 жастағы Асылбек Табылдиев - "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бұрынғы мұнайшысы. Ол былтыр денсаулығына байланысты ауруханаға түсіп қалған соң жұмыс беруші оны жұмыстан шығарып жіберген. Өзін "заңсыз жұмыстан шығарылдым" деген мұнайшы бір жыл соттасып барлық инстанцияда жеңіліп қалған. Табылдиев әділдік талап етіп 8 маусымда Нұр-Сұлтанда "ҚазМұнайГаз" алдында наразылық акциясын өткізіп, өзін жұмысқа қайта алуды талап етті. Ол мұндай наразылық акциясын былтыр Маңғыстау әкімдігі алдында да өткізген. Әзірге нәтиже жоқ.