"Үш сағаттан бері тұрмыз". Қазақстан оңтүстігінде жанармай тапшы

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкент пен Түркістан облысының кейбір елдімекенінде жанармай жоқ. Дизель мен газ іздеп сабылған жұрт бекеттерде сағаттап кезекте тұр. Азық-түлік артқан, көкөніс тиеген жүргізушілер тауары күйіп бара жатқанын айтады. Энергетика министрлігі мәселе "бір-екі күнде шешіледі" дейді.