Үй кезегіне тұрған қандастар азаматтық алған соң кезектен шығып қалғанына шағымданады

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның "Тұрғын үй қатынастары" туралы заңына сәйкес шетелден қоныс аударған қандастар баспанаға мұқтаж жандардың санатында үй кезегіне тұра алады. 2002 жылдан бері мың жарымдай шаңырақ осы мүмкіндікті пайдаланып, тізімге кірген. Бірақ "Халықтың көші-қоны туралы" заңда азаматтық алған соң қандас мәртебесі тоқтайтыны жазылған. Мәртебеден айырылған шаңырақтар үй кезегінен де шығып қалып жатыр.